Басты жаңалықтар
Үстінен қылмыстық іс қозғалған Төреғалидің оқиғасы бойынша сот үкімі шықты
- автор kyn.kz
- 17 қазан, 2018
- 370

Әнші соттың осы талабын бір аптада орындамаса, жаза осыдан бірнеше есеге қатайтылады екен.
“Тергеу барысында Әлихановтың ( Төреғали Төреәлі) әрекетінен ешқандай қылмыстық белгі табылмады. 16 қазан күні Әлихановтың үстінен әкімшілік құқық бұзушылық құқық туралы кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды”, – деп хабарланды соттың баспасөз қызметінен.
Төреғали мемлекеттік шекарадан өту ережесін бұзып, рұқсатсыз өткені үшін 5 АЕК, сондай-ақ, әуежай аумағында рұқсатсыз жүргені үшін 1 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
Әкімшілік айыппұлды 7 тәулік ішінде төлемеген жағдайда, жазаның ауыр түрі қолданылады”, – дейді баспасөз қызметіндегілер.
Естеболса, Төреғали билетсіз сыртқы рейстерге қатынайтын ұшаққа отбасымен кіріп отырып алған. Әншінің осы тәртіпсіздігі кесірінен Алматы-Гонконг бағытындағы ұшақ бірнеше минутқа кешігіп ұшқан. Төреғалиді әйелі мен балаларын шығарып салу үшін ұшаққа жіберген әуежайдың төрт қызметкеріне айыппұл салынды.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қала күні мерекесіне орай Семейде түрлі мәдени, спорттық өнер шаралары өтті
- авторkyn.kz
- 22 қыркүйек, 2025