Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Емші бала Ербосын сүйіктісіне ән арнап, шоу-бизнесті қолға алды (фото,видео)

Емші бала Ербосын  сүйіктісіне ән арнап, шоу-бизнесті қолға алды (фото,видео)
ашық дереккөз
"Үкілі бала" бүгінде бірнеше елді аралап, бірнеше тілді меңгеріп үлгерген.
Аралдан шыққан "үкілі бала" Ербосын бүгінде Ақтөбеде тұрады. 11 жасында отандық арналардың біріндегі бағдарламада Төреғали ағасымен ән орындаған емшіге молдаларға дейін әнші болып, шоу- бизнес саласына көшуге кеңес берген еді. Бүгінде Ербосын жасөспірім, ән салатын өнерін дамытып, аудандық, облыстық, республикалық ән кештерінде өнер көрсетіп тұрады. Желідегі парақшасынан қарасаңыз бірнеше елді аралап, бірнеше тілді меңгере бастаған жігіт бұрыңғыдай емес. Ақыл тоқтатқан. Сабағымен қатар адамдарды емдеу жұмысын да қатар алып жүреді екен.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Мир прекрасен.Цените каждый миг...

Публикация от Ерболсын Серикбаев (@erbolsynserikbaev)

Қызылордада мешіт салдырған жігіт өзі Ақтөбеге көшіп кеткендіктен сол маңдағы мешіттерге жұма сайын қатынап, жұма намазын жамағатпен бірге оқиды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

💜это тебе💜

Публикация от Ерболсын Серикбаев (@erbolsynserikbaev)

Халыққа "үкілі бала" болып танылған емші бүгінде ер жеткен азамат. Арманы болашақта медицина саласын бағындырып, науқастарды емдеп, халқына өз пайдасын тигізу екен. Желідегі парақшасында орысша, ағылшынша, қазақша ән орындаған емшінің даусына көпшілік әртүрлі баға берген. Біріне емшінің даусы ұнаса, енді біреулерге ерекше қимылды билері ұнапты.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

💣💥

Публикация от Ерболсын Серикбаев (@erbolsynserikbaev)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар