"Ұнамаса, кетіңдер" деп айтамын: Атышулы Замира балаларын қалай тәрбиелейтінін жайып салды
- автор kyn.kz
- 18 қазан, 2018
- 665
Өзінің теріс әрекеттері арқылы елге танылған, атышулы "Қалаулым" жобасының қатысушысы болға Замира балаларын қалай қарайтынын жасырмай жайып салды.
"Басында жұрт көреді деп ұялатынмын. Ал ұлымның өзі балағаттап сөйлейді. Керісінше, қызым "мама қойсайшы" деп айтып жатады.
Мен балаларыма "ұнамаса, келмеңдер" деймін. Менің үйіме келіп, өздерінің еркелігін көрсетсе, бірден "әкеңе кет" деп айтамын.
Екеуі де ата-енемнің балалары. Оларды өзіме жақын ұстамаймын. Сағынамын, іздеймін. Олар 11-12 жаста", - деді ағынан жарылды Замира Сұлтан.
Айта кетейік, осыған дейін Замира Сұлтан өзінің Бүркіт сияқты азаматты армандайтынын мәлім еткен болатын.
Сондай-ақ, "Қалаулым" қатысушысы екі жігітпен қатар жүргенін, 26 жастағы жігітті тек төсек қатынасына пайдаланғанын эфирде жайып салған еді.