Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Олжас Сүлейменов немересінің қазасын есіне алып, жол апатының видеосын да көргісі келмейтінін айтты

Олжас Сүлейменов немересінің қазасын есіне алып, жол апатының видеосын да көргісі келмейтінін айтты
ашық дереккөз
Ақын: Сот тек әділ үкім шығарса деймін
Астанада Олжас Сүлейменовтің жиен немересін ажал құштырған жол апатына себепкер болды деп айыпталған полиция полковнигінің қызы жәбірленуші тараптан кешірім сұрады. Әрі сотта кінәсін толық мойындаған Мәлика Мұхитова жантүршігерлік оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Vарқұм Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы жүргізуші қызды кешірді ме? -Бұған қатысты жәбірленуші тарап ештеңе айтқан жоқ. Негізі олар сот басталғанда-ақ өздерін камераға түсіруге қарсы екендерін айтты. Сондықтан судья марқұм Ескендірдің ата-анасын камераға түсіруге тыйым салды. Ал, процеске барлық тарап түгел жиналған. Айыпталушы орынында Олжас Сүлейменовтің жиен немересін көлігімен қағып өлтірген Малика Мұхитова. Полиция полковнигінің қызы кінәсін толық мойындап, марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады. "Мені кешіргендеріңізді күнде Алладан сұраймын. Кешіріңіздерші. Мен сіздерге қандай қиын екенін білемін."- дейді айыпталушы Мәлика Мұхитова. Сондай-ақ, 29 жастағы Мәлика Мұхитова жол апатының қалай болғанын өзі айтып берді. «Самұрық-Қазынада» бас маман болып істейтін ол, сол қаралы күні жұмыстан шығып үйге бара жатқан екен. Бірақ абайсызда жол ережесін бұзып, апатқа жол бердім дейді. Ал, жәбірленуші тарап сотқа қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің хатын ала келіпті. Оны адвокат оқып берді. "Ереже бұзып жол апатын жасау - адам өлтіргенмен тең.  Сондықтан сот әділ үкім шығарады деп ойлаймын. Ескендір енді қайтып келмейді. Иманды болсын. Жалғыз жиен немерем еді."- деді адвокат Данияр Сәнді. Ақын Олжас Сүлейменовтің отбасындағы қайғылы жағдай тура 4 ай бұрын Есілдің сол жағалауындағы ірі даңғылдардың бірінде болған еді. Мотоцикл тізгіндеген ақынның немересін «Hyundai» көлігі қағып кеткен. 26 жастағы жігіт сол жерде жан тапсырды. Ал жүргізушінің  Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Қайрат Мұхитовтың қызы екені анықталды. Атышулы сот процесі әлі де жалғасады. Бүгін айыпталушы қыздың адвокаты, сотқа сарапшы шақыртуды талап етті. Ол Малика Мұхитованың  қандай жылдамдықпен жүргенін анықтауы тиіс. Бірақ, судья қорғаушының бұл өтініш қанағаттандырмады. Келесі сот енді бір аптадан соң өтпек. Сотқа қатыспаған ақын Олжас Сүлейменов хат жазып жіберіпті.
"Әулеттің үлкені ретінде сот отырысына менің де қатысатын жөнім бар еді - бірақ қазір ем қабылдап жатырмын, бара алмаймын. Оған қоса сотта болған оқиғаның видеожазбасындағы қорқынышты кадрларды ауызбен қайталап айтып беру - менің қолымнан келмейді", - деп жазған ол хатында.
Олжас Омарұлы немересінің қазасынан кейін тіпті, әлеуметтік желіге де кіруді қойғанын жасырмапты. Сондай-ақ, ақын өзінің сот отырысына қатыспауы әділ шешімнің шығуына әсер етпеуі керек деп санайтынын жеткізді.
"Әлемдік тәжірибеге сүйенетін мамандарға бұрыннан белгілі, адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасы - кісі өлімі ретінде қаралуы тиіс. Мейлі ол қасақана жасалмаса да, жолдағы ережені бұзу - жай ғана қателік емес, ол - қылмыс. Бұл енді - тергеушілер мен соттың шешетін мәселесі", - делінген хатта.
Олжас Сүлейменов сотта шығарылған шешім оның жақындарына ауыр тиеді ме деп қорқатынын да айтқан.
"Ескендірді енді қайтара алмаймыз, иманды болсын, жалғыз немерем. Енді тек сот шешімі оның әжесі мен ата-анасының денсаулығына зардабын тигізбесе екен деп тілеймін. Барлығы заң аясында, әділ шешілетініне сенемін", - деп сөзін қорытындылаған ақын.
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар