Басты жаңалықтар
Майғазиев өзін ақшаға құнықты деп сөккендерге жауап берді
- автор kyn.kz
- 18 қазан, 2018
- 435
Әнші: Мен ешқандай да қылмыс жасаған жоқпын
Танымал әнші Сәкен Майғазиевті желідегі оқырмандары ақша құнықты деп сөгіп, оған қарата түрлі балағат сөздер жазған.
"МузАрт" тобының әншісін бүгінде 2 миллиноннан астам адам желіде бақылап отырады. олар әншінің жеке өмірі мен шығармашылығынан ғана ақпарат алып үйреніп қалса керек. Себебі парақшасына жарнама салған әншіні сөгіп қана қоймай, балағаттағандар да болды.
«Енді сен қалып едің, бірдеңе, бір жерге керек еді деген сияқты артық ауыз бейпіл сөздер көп болып кетті. Бейне бір арақты немесе темекі, насыбайды жарнама жасап жатқандай теріс айналып кеткен адамдарды көргенде мен таң қалдым.
Соншалықы не болды? Мен бір қылмыс жасадым ба?.. Бір жағы ол кісілерді де түсінуге болады. Әнші ретінде ғана көргісі келеді. Бірақ қазіргі заманда Тимати керек болатын болса гамбургер пісіріп жүр ғой.
Мысалға Сильвестр Сталлоне кәдімгі арақты жарнама жасап жүр. Дэвид Бэкхам сусабындарды, қазіргі Роналдаға дейін жарнамаға түседі» – дейді "Ревью" бағдарламасына берген сұхбатында «МузАрт» тобының әншісі.