Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Байы жоқ қыз мықты бай табады: Саудасы ерекше жүріп тұрған шымкенттік кәсіпкер өз құпиясымен бөлісті (фото)

Байы жоқ қыз мықты бай табады: Саудасы ерекше жүріп тұрған шымкенттік кәсіпкер өз құпиясымен бөлісті (фото)
ашық дереккөз
Саудамен айналысқанына 15 жылдан асқан саудагер Бақытжан Сүлейменов тауардың үстіне қызықты өлеңдер жазып, осылайша клиенттердің санын көбейтуде
Бақытжан Сүлейменов "Қырғы базар" сауда орнының темір-терсек бөлімінде тауар сатып жүргеніне 15 жыл асқанын айтады. Бір күні клиентерінің санын көбейту үшін не істесем болады деп ойланады екен. Сонда ойына осы бір қызықты  идея келіп түседі. Ол жұмыста отырып, кенеттен өлең шумақтарын құрастыра бастайды. Сөйлемнен тармақ жолдары шығып, дереу қағазға түртіп алыпты. Содан оларды қағазға жеке-жеке жазып, өзі сатып отырған тауарларға жабыстырып қояды.  width= "Негізі менің о бастағы мақсатым тауарымды тезірек сату емес, келушілерге көтеріңкі көңіл сыйлау болды. Өзім бұрындары тамада болып, талай тойды басқарғанмын. Ақындық қасиетім бар. Жұмыста отырғанда түрлі өлең шумақтары туады. Бәрін жазып алып жүрдім. Кейін осылай тауарларыма іліп қойдым.  width= Осыдан бір жыл бұрын тауарымның шамамен бәріне осындай әзіл жазбалар жабыстырып қойғанмын. Сауда орным кеңейіп, қазір ондай жазуы бар заттарым санаулы ғана. Алдағы уақытта бәлкім тағы мықтап қолға алармын", — деді кәсіпкер. "Сыпырғанда жаның жай табады, байы жоқтар бай табады" немесе "Байы барлар мықты ұл табады", "Доссыз адам тамыры жоқ бұтақпен тең, сыпыртқысыз әйел балғасы жоқ ұстамен тең".  width= Бұл жазбаларды кәсіпкер сатып отырған сыпыртқыларға іліп қойған. Көпшілік арасында кеңінен танылғаны да әрі келушілерге еріксіз күлкі сыйлағаны да осы тауар екен. Кейде клиенттер тауарды сол жазбасымен сатып алуға ниеттеніп жатады екен. Арасында "тұрмысқа шығып кетейін" деп ырымдап жататындар да жоқ емес.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар