Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақша сөйле: Қостанайлық дәрігер науқасты орыс тілді болғаны үшін қарамай қойды (видео)

Қазақша сөйле: Қостанайлық дәрігер науқасты орыс тілді болғаны үшін қарамай қойды (видео)
ашық дереккөз
Қостанай облысының Арқалық қаласындағы емхананың лор-дәрігері науқас баланы өзге ұлттың өкілі болғаны үшін қарамады. Кейін бұл әрекетіне өкініп, баланың анасынан кешірім сұрады
https://youtu.be/2ryD3Avyvbo Осыдан бірнеше күн бұрын шулатқан бейнежазба бұл. Қостанайлық лор-дәрігер Өтебаева Мөлдір науқас баланы орыс тілді  болғаны үшін қабылдамай отырғанын байқауға болады.  Ақ халаттының әрекетіне ашуланған ана оны видеоға түсіріп, желіге салған еді. “Ол менің 4 жасар баламды қараған жоқ. Оған біздің ұлтымыз себеп екен. Мұны өзі бетімізге айтты. Видеоны барынша бөлісіңіздерші”, – дейді баланың анасы. Желі қолданушылары дәрігердің әрекеті заңсыз екенін айтып дауласты. Қолдау білдіргендер де табылды. https://www.instagram.com/p/BpC39l4BDa9/?utm_source=ig_web_copy_link Кейін желіде  тағы бір видео пайда болды. Онда тараптардың ымыраға келгенін байқауға болады. «Құрметті достар мен әріптестер және емханада біздің арамызда болған дау-дамай үшін алаңдаған азаматтар, дәрігер өз қателігін түсініп, кешірім сұрады. Арқалық қаласының әкімшілігі мен бас дәрігер Туранинаға деген құрметім үшін, мен оны түсініп, кешірдім. Оның жағдайына ендім. Мен әлемдегі тыныштықты қолдаймын! Қазақстан және Арқалық гүлдене берсін. Бұл көп ұлтты мемлекет. Қуанышқа орай, мен өз елімнің патриотымын. Бұл барлығына сабақ болады деп үміттенемін», – деп жазды баланың анасы.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар