Мешітке барғаннан кейін қызылордалық арудың денесінде арабша жазу пайда болды (фото, видео)
- автор kyn.kz
- 19 қазан, 2018
- 335
Оқиға желісімен: Қызылордалық Мәдина Әбілхайыр есінен танып ауруханаға түсті. Аурудың себебін таба алмаған дәрігерлер, бойжеткенді мешітке жібереді. Мешіт имамдары бірнеше күн "Ясин" сүресімен қызға дем салған.
Бірер күннен кейін Мәдинаның сол қолында ал екі күннен кейін арудың аяғында арабша жазулар пайда бола бастаған. Бұл ерекше құбылысқа таңғалған қыздың әке-шешесі қызды имамдарға апарып, жазудың мағынасын біледі.
"Мұның бәрі Алла Тағаланың құдіретімен жасалған. Қолындағы жазу арабша "Бисмилаһи рахмани рахим" деп жазылған. "Аса қамқор Аллахтың атымен бастаймын" деген мағына береді. Ал екінші жазу "Алла Тағала ұлық" деген мағына береді". Бұл жазулардың еш зияны жоқ" , - дейді Ыбырайым молда мешітінің қызметкері Руслан Мамонов.
Мұндай жазулар бұрын жұмыртқаның сыртына, қойлардың терісіне жазылған болатын, бірақ Қызылорда облыс бойынша адам денесінде Құран жазбаларының жазылуы алғаш тіркеліп отыр.
"Қазір өзімді жақсы сезінемін. Екі рет клиникалық өлім кешірдім. Алғаш жазу пайда болғанда мұның не мағына беретінін де білмедім", - дейді Мәдина.
Қазір Мәдина күнде Аллаға құлшылық етіп, намаз оқуға талпынып жүр екен.
https://youtu.be/Odfd0yfA65k