Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айқын Төлепберген отбасы туралы айтып отырып жылап жіберді

Айқын Төлепберген отбасы туралы айтып отырып жылап жіберді
ашық дереккөз
Әнші: Мен балаларымның бір-біріне мейірімді болуы үшін барымды саламын
Әнші Айқын Төлепберген астана арнасындағы бағдарламалардың бірінде сұхбат беріп отырып, көзіне жас алып, сөйлей алмай қалды. Бағдарлама әншінің екі әйелі мен балалары, ата- анасы жайлы болған еді. "Мен Әселдің тәрбиесіндегі бір ұл, бір қызымды, Жұлдыздан туған кіші баламды таныстырдым. Басында тұңғышып дұрыс қабылдамады, ренжіді. Бірақ мен оған "Өскенде барлығын түсінесің" дедім. Әкем аздап ұрысты Жұлдызға үйленетінімді хабарлағанда. Анам жылап, біразға дейін осындай жағдайға көне алмады. немерелерін уайымдады. Мен оларға "Балалар бұрыңғысынша үйге келіп тұрады, сол қалпы араласасыңдар" деп түсіндірдім. расымен солай болып жатыр. Енді менің арманым емес, мақсатым сол балаларымның бір-біріне мейірімді, бауырмал болып өсуі",- деген әнші осы жерде аздап тоқталып, өзіне су алдырып ішіп алды. Аздап реңі бозарған әншінің көзіне жас та үйірілді. "Мен ата- анам жайлы айтқан кезде үнемі осылай қобалжып, аузымдағы сөзімді айта алмай қаламын. тіпті концерттерде де. Ата- ана жайлы өлеңді құры айтасалмай, түсініп, сезініп орындау керек қой, сондай сәттерде осылай булығып қаламын. Неге екенін өзім де түсіне алмаймын."- деп ақталды Айқын Төлепберген.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар