VIP киіз үй: Ақтөбеліктер несиеден қашып, той жасаудың жаңа түріне көшті
- автор kyn.kz
- 20 қазан, 2018
- 1.8k
Сондай-ақ кәсіпкердің айтуынша, өңірде киіз үйлердің VIP түрлері сұранысқа орай пайда болған.
"Енді сұранысқа қарай қажеттілік те болады. Қолданыста киіз үйдің элиталы "VIP" және қарапайым "стандарт" түрі бар. Элиталы қызметте орындықтардан бөлек, қымбат ыдыстармен сервисті мейрамханадағыдай жасаймыз. Фарфор ыдыстар да қойылады. Элиталы киіз үйлерді көбіне әкімшіліктің адамдары үлкен қонақтар келгенде алады. Vip киіз үйлер барлық жасауымен 120-150 мың теңгеге шығады.
Қарапайым түрлері 40 мың теңгеге бар. Мұндай бағаға мейрамханаларда той жасау мүмкін емес. Оның үстіне бізде адам басына есептелмейді. Үлкен киіз үйлерге 150 адам сияды. Жақында танысым осындай киіз үйге 120 адам шақырып той жасады. Тамағы, асабасы, аспазының бағасын қосқанда барлығы 380 мың теңге кеткен. Қазақтар мұндай ақшаны бір мал сатып та таба алады. 3 миллиондап несие алып, өмір бойы төлегеннен тиімді", - дейді Ләззат Мамирова.
Ұқсас жаңалықтар
“Бос сөздің керегі жоқ“: Президент патриотизм туралы айтты
- авторkyn.kz
- 22 наурыз, 2026




