Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Журналист Айзат Әбдісаматтың өліміне кінәлі деп танылған механик көз жасын тыя алмады 

Журналист Айзат Әбдісаматтың өліміне кінәлі деп танылған механик көз жасын тыя алмады 
ашық дереккөз
Айзат Әбдісаматтың өліміне  “Жаңабек сервис” ЖШС басшысы Кенен Жаңабеков пен лифтіні жөндеген механик Жарылқасын Ақжанов  кәнілі деп танылды
“Біз адамдар үшін жұмыс істедік. Олардың жоғары көтріле алуы үшін бәрін жасадық. Олардың ішінде қарттар мен мүгедектер де бар. Мен қателік жібердім. Бірақ соттан әділ шешім шығаруын күтем”, – дейді айыпталушы. 62 жастағы механик Жарылқасын Ақжанов бұған дейін жүрегіне бірнеше рет ота жасатқаны үшін, сот отырысы кейінге қалдырылған. Айыпталушы сотта көз тоқтата алмады. Көз жұмған Айзат секілді өзінің де қыздары барын айттты. Лифтіге жөндеу жұмысы жүрген соң өзі бір тексергенін, ол кезде ешқандай ақау болмағанын айтты. Сараптамаға сәйкес, журналистің өліміне лифтінің есігін ашып-жабатын құралдары жұмыс істемеуі себеп болған. “Жаңабек сервис” ЖШС-нің аула сыпырушысы сотта механиктің лифтіге жалғастығыш құралдарын салғанын айтты. “Бұл дәлелденген жоқ. Жалғастырғыш құралдарды салуға мүлде болмайды. Бұл адам өліміне әкеледі. Мен оны қоятындай өзіме өзім қас емеспін. 31 жылдың тәжірибем бар. Маған дейін басқа механиктер жұмыс істеген. Анасыз қалған балаға жаным ашиды. Ол енді тек қуаныштан ғана жыласа екен, – дейді. Естеріңізгет сала кетейік, 4 сәуір күні Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінде журналист Айзат Әбдісамат лифтке қысылып, көз жұмған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар