Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баян Мақсатқызы ораза ұстағанын, діншілдігін мақтан тұтатындарды сынады

Баян Мақсатқызы ораза ұстағанын, діншілдігін мақтан тұтатындарды сынады
ашық дереккөз
Қазір қазақстандық "жұлдыздар" арасында қашан кіммен ауыз ашып, қайда намаз оқығанын жазудан жарыс өтіп жатыр
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы "елді елең еткізіп" ауыз бектікендер мен сол жайлы желіде үнемі жазып, мақтанатындарды сынады. «Жұрттың көзінше сиынып, ол туралы бәріне жария етіп, ауыз бекіткенің жайлы бәріне білдіру қарапайым әрі негізгі дүние болып қалды. Керісінше ауыз бекітпей, өз құлшылығын жасырған адамдар өзгелерге «қызық» көрінетін болған. Мен осыған дейін Құдай мен әр адамның арасындағы байланыс жасырын, күнәлардан арылу  кезеңі тіптен жасырын болуы керек деп ойлаймын.»,-деп жазды Баян Мақсатқызы. Бұл орайда қазақстандық жұлдыздардың барлығына таяқтың бір ұшы тигені анық. Себебі қазір кімнің парақшасын ашсаңыз да өзінің иманы мен адамгершілігі жайлы әсіресе  жұма күндері жиі жазатын болған. Танымал әншілер күнде қай жерден ауыз ашып, қай жерге барып кіммен намаз оқығанына дейін жариялы түрде суреттерімен мағлұмат беріп отыру сәнге айналған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар