Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сара Тоқтамысова: Тұрмысқа шыққаннан кейін бірнеше жыл бесік тербетуді армандадым.

Сара Тоқтамысова: Тұрмысқа шыққаннан кейін бірнеше жыл бесік тербетуді армандадым.
ашық дереккөз
Ақын: Айтыста биіктен көрінуіме әуелі Алла, екінші күйеуім себепші.
Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова ақындығының арқасында жиырмадан астам көлік мінген ойы жүйрік қыздардың бірі. Ол өзінің өнердегі жетістіктерге жетуіне күйеуінің қосқан үлесі зор деп біледі. Бұл туралы ақын әрі әнші Сара Тоқтамысова "Шалқар" радиосына берген сұхбатында айтты. "Менің осылай халықтың алдында жарқырап жүргеніме әуелі Алла екіншіден күйеуімнің қолдауы. Әйел адамның өнерде өз ісін жалғастыруына отбасынан әсіресе күйеуінен қолдау болмаса қиын. Оның соңы талай қиындыққа алып соғары анық. Ал менің бағымның ашылғаны сол шығар, күйеуім үнемі қолдау көрсетеді. Тұрмысқа шыққан алғашқы жылдары айтыста жүлделі орындар алып, танымалдығым арта түсті. Бір арманым болды. Ол ана атанып бесік тербету. Төрт жылдай осы арманым орындалмай жүрді. Артынан шүкір бұл арманым да орындалды. Қазір екі ер баланың анасымын",- дейді ақын Сара Тоқтамысова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар