Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жынысын өзгерткен қарағандылық жігіт ауыр тағдырын айтты

Жынысын өзгерткен қарағандылық жігіт ауыр тағдырын айтты
ашық дереккөз
Қарағандылық Татьяна есімді қыз өмірге ұл болып келгенімен, уақыт өте жынысын өзгертуді жөн көрген. Алайда жақындары жігіттің таңдауын әлі де түсіне алмай отыр
Айтуынша, қазірде атын Татяна етіп өзгерткен бойжеткен өзін алғаш рет 6 жасында қыз секілді сезінген. Ауруханада ем қабылдап жатқан кезде, дәрігерлер Жаңа жылдық шараға оны ақшақар етіп киіндірген. Сол сәттен бастап оған қыздың кейпі ұнап,  ол анасының көйлектері мен туфлиін киіп, өзін әйел ретінде өсіп келе жатқанын байқаған. Бұл жайлы жақындарына айтқанымен ешкім түсіне алмайды. Әкесі «нағыз жігіт бол» деп жанжал шығарады. Оларға анасы араша түседі. Тек ағасы бейтарап пікірде қалады. 2000 жылы жынысын ауыстармақ болып дәрігермен сөйлескенде, Татянаның жартылай жігіт, жартылай қыз екенін айтқан. Содан жігіт күйінде қала бермек болады. Алайда өзін қинап жүргенін түсініп, 2013 жылы жынысын ауыстыруға түбегейлі шешім қабылдайды. Алайда құжат реттеу жағы қиынға соғады. «Бізде жынысыңды ауыстыру үшін транссексуал деген диагноз қою керек. Оны да бірден қоя салмайды. Ал, жынысыңды ауыстырған соң туу туралы куәліктен бастап барлық құжатты қайта жасау керек болады», – дейді Татяна. Айтуынша, Қазақстанда жыныс ауыстыру оталары күрделі. Ал, Таиланда бұл жолға қойылған. Екінің бірі жасататын болғандықтан, дәрігерлер де машықтанып алған. Татянаның айтуынша, әйел гормонын ішкенде адам күйзеліске түсіп, көңіл күйі түсіп, зауқы соқпайды. Сондықтан қасыңда маман болу керек. Татяна қазір жүмыссыз. Жынысын ауыстырғалы бері оны жұмысынан айырған. «Жұмысқа үнемі ер адам киімінде бардым. Әріптестерімнің бірі аңдыған шығар. Мен Алматыға барып келгеннен бері жұмыстан шығарып жіберді», – дейді ол. Татьяна алдағы уақытта құжаттарын реттеп, Алматыға не Астанаға барып жаңа өмір бастағысы келеді. Қоғамның оған алагөзденбей дұрыс қабылдауын қалайды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар