Басты жаңалықтар
Коммунизмді аңсаймыз: Депутаттар мен жұлдыздар Комсомолдың 100 жылдығын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)
- автор kyn.kz
- 22 қазан, 2018
- 216
Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды. Тәуелсіздік деп ұрандап жүргендердің көбі әлі күнге дейін келмеске кеткен коммунистік идеологияны аңсайды екен
Иә, октябрят, пионер, комсомол деген ұғымдар аға буын өкілдеріне жақсы таныс. Кеңес Одағы кезінде жастар тәрбиесінің идеологиясы осы жүйемен жүретін. Комсомолға өту абырой, одан шығу ұят болатын. Үздік комсомолдар кейін, партия қатарына өтіп, елдің саяси әлеуметтік өміріне араласатын.
Кешелі бері әлеуметтік желідегілер Алматыда өткен концерттің суреттерін көріп даурығып жатса, Комсомол ұйымының 100 жылдығын тойлау әлдеқашан басталып кетіпті елімізде. Автошеру ұйымдастырып бірін-бірі марапаттапты. "Менің 15 жыл өмірім тікелей комсомолға байланысты. Сондықтан мен комсомолдағы қызметім үшін ұялатын, қысылатын, қызаратын еш нәрсем жоқ, керісінше, өстім өз қаталарымдыв адамдарды жетелей жүріп, өзім үйрендім. Кеңес одағының тұсында ашаршылық болды. Оған комсомол кінәлі емес. Олар жас балалар сіздер сияқты. Әке шешелеріңіздей адамдар тапсырма берді, заман солай болды. сондықтан тарихты беталды күстаналай беруге болмайды",- деді Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов.
Тарихты өшіре алмайсың. Бірақ тәуелсіз ел болып, рухани жаңғыру арқылы ұлттық құндылықтарды түгендеп жатқанда, келмеске кеткен бүкілодақтық жастардың, комсомол ұйымының 100 жылдығын тойлаудың қандай қажеттілігі бар деген сұрақ қоғамды мазалайды.