Басты жаңалықтар
Жанар Айжанова өзінен аумайтын әпкесінің қызықтарын айтып халықты күлкіге қарық қылды.
- автор kyn.kz
- 23 қазан, 2018
- 1.5k
Әншінің әпкесі болса жүрген жерінде Жанардың ешқандай да туысы емеспін дейді екен.
танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанова өзінен екі жас үлкен туған әпкесі Әлияны көпшілік әншімен шатастырып, үнемі сый-құрмет көрсетуге тырысатыны жайлы "Еуразия" арнасындағы "Кешкі кездесу" бағдарламасында айтты.
"Бұл кісі іс тігумен айналысады. Жұрт көрген жерде мен екен деп ХҚО немесе қоғамдық орындарда "келіңіз, сізді бірінші өткізіп жіберейік, келіңіз отыра ғойыңыз" деп құрмет көрсетіп, артынан әңгімеге тартады екен.
Суретке түсуге сұранады екен. Кейіннен мен емес екенімді біліп қалып, ұқсастығымызға таң қалғандар ақыры бір құрметтерін көрсетіп жібереді екен. Енді ақыры шақырғасын қалай қуып жібереді. Бұл кісі анда-санда домбырады, сосын жездемнің жүйкесінде ойнайды. Өнерлі.",-дейді әнші.
Ал оның туған әпкесі болса көпшілікке Жанар айжановамен ешқандай туыстығым жоқ дейді екен.
"Мен жүрген жерде сөз көбеймесін деп "Жанарды танимын. ешқандай туыстығым жоқ" деп қысқа қайырамын. танимын деп өзім шаршап кеткен кездерім болды. Халықтың сұрағы бітпей кетеді. Содан кейін білмейм деген аз сөз екенін түсіндім",-дейді Әлия айжанова.