Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абай Бегей:Қызым үйленгенімді кешіре алмай, немеремді де көрсетпей жүр

Абай Бегей:Қызым үйленгенімді кешіре алмай, немеремді де көрсетпей жүр
ашық дереккөз
Әнші: Екі кішкентай қызды азғырмасын деп, телефондарын алып қойдым
Әнші бірінші әйелінің туыстарымен де байланысты үзген. айтуынша барлығы Абай Бегейдің үйленгенін қаламаған.
"Біреулерге бұл жағдай қызық болуы мүмкін. Бірақ, сырттағы азғырушылар азаймай, қызыммен қарым-қатынасым түзелмейді. Сырттан өсек айтып, болмаған нәрсені болды деп айтады. Осындай нәрселерден адамдардың қарым-қатынасы суып кетеді.
Менің ұл-қыздарымның нағашыларымен араласқым келеді. Олар үйленгеннен кейін мені жақтырмайтын шығар. Бірақ менің ол кісілерге деген көзқарасым өзгерген емес.  width=
Мұны біреудің басына бермесін. Қыздарымды әйтеуір азғыратын адамдар көбейді. Екі кішкентай қызымның телефонын алып қойдым, осыдан кейін. Негізі баланы әкесіне қарсы қоймау керек қой. Осы жағдай кімнің басына түспейді?
"Мәпелеп өсірген қызы өзіне қарсы келеді" деп ешкім ойламайды ғой. Мен де қызым менімен сөйлеспей қалады деп ойламағанмын. Уақыт өтсін деп, өзімді сабырға шақырып жүрмін. Қызымның үйіме бара салсам да болады. Бірақ мені қабылдамайтын болғандықтан, күтіп жүрмін", - дейді Абай Бегей.

Айта кетейік, әншінің қызы Еркежан күні кеше тұңғышын қырқынан шығарды. Бойжеткен кішкентай ұлын әкесіне көрсетпегенімен, бұл күнді желідегі парақшасында бөліскен.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар