Басты жаңалықтар
Денисті өлтіргендерді қолдаған мұғалім сотта жылап кешірім сұрады
- автор kyn.kz
- 24 қазан, 2018
- 225
Прокурор ұстазды жалпы режимдегі абақтыға үш жылға қамауды сұрады
Сот төрешісі Шерхан Байзеновке кінәсін мойындау арқылы процестік келісімге келуге рұқсат бермеді.
Бұл туралы "Уральская неделя" басылымы.
Естеріңізге сала кетсек, тарих пәнінің мұғалімі Шерхан Байзенов танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін Facebook желісіне пост жазып, оны өлтірген "қытайлықтарды" мақтаған-ды. Қоғамдық резонанстан кейін мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Байзенов Денис Теннің кім екенін білмейтінін айтып ақталған. Қазіргі сәтте ол мектептегі жұмысынан шеттетілді.
Сот Шерхан Байзеновке кінәсін мойындау арқылы келісімге келуге рұқсат бермеді. Егер рұқсат берсе, бұл оның жазасын жеңілдететін еді.
Сотталушыға қарсы оқушы куәлік етіп, өзінің оған желідегі жазбасы үшін ескерту жасағанын айтты.
"Сыныптастар тобыны Шерхан Байзенов жазбасының скриншоты жіберілді. Мен оның мектепте ұстаз болып жұмыс істейтінін білемін. Маған ұнамағандықтан, одан "Неге бұлай жаздыңыз?" деп сұрадым.
Және одан бұл жазбаны өшіруін өтіндім. Ал ол маған менің кішкентай екенімді және көп нәрсе түсінбейтінімді айтты. Кейін сыныптас құрбым екеуіміз осы скриншотты блогерлер мен басқа адамдарға жібердік. Маған ұстаздың бұлай жазғаны ұнамайды", — деді Данара Кулдыбаева.
Шерхан Байзенов анасының ауырып жатқанын айтып, соттан өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сөз соңында сотталушы көз жасына ерік берді.
Шерхан Байзеновке қандай үкім кесілетіні 24 қазан күні белгілі болады.