Басты жаңалықтар
Павлодарда моншаға түсіп жатқан келіншек бала-шағасымен тірідей жанып кетті
- автор kyn.kz
- 13 маусым, 2018
- 260
Болжам бойынша, оттың тұтануына электр сымдарының тұйықталуы себеп болған.
Павлодарда 30 жастағы келіншек пен оның екі баласы моншадағы өрттен қаза тапты,-деп жазды КТК арнасы.
Қайғылы оқиға шаһардағы Потанин көшесінде орналасқан мына жер үйдің аумағында болды. Жазғы асханаға жапсарлас салынған моншаға марқұмдар түс кезінде кіріпті.
Сол сәтте өрт шығып, іштегі келіншек 4 жасар қызымен және жетідегі ұлымен бірге тірідей жанып кеткен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 20 шаршы метрді шарпыған жалынды бір сағатта әзер ауыздықтапты.
Қайғыдан қан жұтқан отағасы жақындарын жерлеу үшін көпшіліктен әлеуметтік желі арқылы көмек сұраған. Қазір арнайы шот ашылып, тұрғындар көмектесуде.
Мұхтар Қосбармақ, марқұмдардың ағасы: - "Енді не істейміз?Балалар шапағатты болсын! Анасы шаһит болып кетті ғой енді. Иман байлығын берсін!",-дейді марқұмның ағасы Мұхтар Қосбармақ.