Басты жаңалықтар
Тұрым Алагөзов немересі үйін тартып алғаннан кейін: Ешкімнен қайыр жоғын түсіндім
- автор kyn.kz
- 24 қазан, 2018
- 360
Тұрсын Алагөзовтің әкесінен туған қызы пәтерін сот арқылы тартып алды.
"Біз кетеміз,әлем орнында қалады. Реніш, айтылмаған сөз, түсініспеу, кешірім бермеу… Ал бұл әлемге оның еш қатысы жоқ. Менің де өз айтарым ,ойым бар.
Өмір сүрдім, жұмыс істедім, балаларымды жеткіздім, отбасымды қорғадым. Сонда не болды? Барлық дүние өз уақытымен. Енді тек Аллаға сенемін. Билікте отырғандар сенімнен шыққан. Бәрімізді бір Алла сақтасын",- деп жазды Тұрым Алагөзов.
Көпшілік музыканттың әулетіндегі кикілжіңге түсіністікпен қарап, шашы мен сақалы ағарғанда далада қалған Тқрым Алагөзовті аяйтындарын ашық жазған.