Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда жол апатына түскен Мәдина дәрігерлер мен шопырларға ренішін айтты

Алматыда жол апатына түскен Мәдина дәрігерлер мен шопырларға ренішін айтты
ашық дереккөз
Мәдина дәрігерлерге ренжіді: жара жазылар, мейірімді, жауапты болыңыздаршы
Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова 23 қазан күні Алматыда көлік тізгінінде отырып автобуспен соғтығысып қалғаны жайлы айтты. Әншінің айтуынша ол жаяу жүргінші жолағына тоқтап,оқушыларға жол берген.Әнші отырған көліктің  арқасында автобус кележатқан. Үлкен жылдамдықты ұстаған шопыр бірден тоқтай алмай Мәдинаның көлігін арқадан соққан. "Оқушыларды өткіземін деп осындай жағдайға тап болдым. Пысық оқушылар бірден маған жүгіріп келіп, су ұсынды. Бетім жарақаттанды. Ол жазылар, аман қалғанымызға шүкір. Ал мені арқамнан соққан автобуста екі қыз кәдімгідей жарақат алды. Бірінің беті қанға боялды. Бірден жедел жәрдемге шақырдым. Бірақ оператор болмағыр сұрақтарды қойып, жарты сағаттай уақытымды алды. Ақырында науқаспен сөйлесеміз деді. Бұл деген сұмдық жағдай. Осылай сөйлесіп отырғанымызда бір адамға көмек беріп үлгермеуіміз мүмкін ғой",- деп ашынды әнші. Мәдина одан бөлек автобус шопырларының қателіктерін айтты. "Қоғамдық көлікті тізгіндеген азаматтар бірінші жолға қарауы керек қой. Одан қалса өздеріне арналған жолмен жүрмейді ма? Мені соққан шопыр жолаушылардың өзін алдаусыратқанын айтады. Жолаушылар, жүргізушіге артық сұрақ қойып, мазасын алмаңыздар. Қоғамдық көлікте қаншама адамның өмірі.",-дейді әнші. Сәдуақасова желідегі парақшасына жол көлік оқиғасы болған сәттегі видеоны жүктей отырып, өзінің дін аман екенін жеткізген. Әрі полиция мен дәрігерлерді өз қызметін адал атқаруға шақырды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар