Басты жаңалықтар
Салтанат Бақаева Сара Тоқтамысовадан кешірім сұрады.
- автор kyn.kz
- 26 қазан, 2018
- 254
Әнші: Соңғы кездері жақсылығымды жасырып, жамандығымды жаятындар көбейіп кетті.
Танымал әнші Салтанат Бақаева желіде тарап кеткен "Салтанат Сара Тоқтамысованы яғни өзі орындап жүрген әннің авторын танымай қалды" деген сындарға жауап берді.
"Біріншіден бүкіл елдің алдында Сара әпкемнен кешірім сұраймын!
Ағаттық,қателік кеткені рас!Бірақ оны әдейі мысқылдап немесе намысына тисем екен деген мақсатпен істеген емеспін!Оны Сара әпкем онсыз да түсінеді.
Негізі түзеп айтқанмын бірақ сұхбат берген арна алып тастап менің қателескен жерімді көрсетіп отыр....Бұрын аталарымыз жиі айтатын "жаманын жасырып,жақсысын асыратын" сөз қазіргі таңда жойылып кетті...Өкінішті...
Құрметті оқырман тырнақ астынан кір іздеудің қажеті жоқ",- деп жазды Салтанат Бақаева.
Келесі мақала