Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Экібастұздағы жарнамаcы үшін Әбдіжаппар Әлқожаға айыппұл салынды

Экібастұздағы жарнамаcы үшін Әбдіжаппар Әлқожаға айыппұл салынды
ашық дереккөз
Әнші енді қала әкімдігіне 20 айлық есептік көрсеткіште айыппұл төлейтін болды.
 Полиция қызметкерлері «Участок» жедел алдын алу шарасын жүргізу барысында тыйым салынған орындарда жарнама ілудің сегіз фактісін анықтаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып KYN. kz ақпарат агенттігі. - Автобус павильондары, бағандар, баннерлер - қала көріністерінің бір бөлігі, - дейді облыстық полиция департаментінде. - Екібастұз қаласы бойынша сырланған автобус аялдамалардың кейбіреуі хабарлама тақтасына және афишаға айналған. Парақшалар мен афишаларды алып тастау оңай болғаныменен, олардан кейін қалатын кір желімдердің іздерін кетіру қиынға соғады. Мәселен, М.Әуезов - Абай көшелерінің бұрышындағы ғимараттың алдында әртістердің концерті мен хайуанаттар бағына шақыру туралы хабарлама ілінген. Учаскелік полиция инспекторлары осы жарнаманың өкілдерін шақырып, олардан белгіленбеген орында орналастырған жарнама буклеттерін шешуді талап еткен. Бұл іске қатысты жауапқа тартылған өкілдерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, әкімшілік өндіріс салынған. Хабарландыру, жарнамалық буклеттерді, афишаларды орналастыру арнайы бекітілген орындарда ғана рұқсат етіледі. Осыған ұқсас құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда жеке тұлғаға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл сома бүгінгі күні 48100 теңгені құрайды. Ал заңды тұлғалар осыған ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін 30-дан 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 72150 теңгеден 240500 теңгеге дейін айыппұл  төлейді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар