Басты жаңалықтар
Қайрат: Жұлдызды бақытты ету үшін алдым, жүрегі қалағанын істесін
- автор kyn.kz
- 27 қазан, 2018
- 209
Әнші он жыл үйінде отырған келіншегін жұмысқа шыққалы қатты қызғанып жүргенін айтты
Қайрат Нұртас келіншегі актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімованы жұмысқа шыққалы қызғанып жүргенін айтып қалды. Ал Жұлдыз болса жұмысқа шыққалы ерекше бақытты болып жүр екен.
"Ол мәз. Жұмысқа шығып баражатып екі езуі құлағында. Мен енді бетіне "Жұмысыңа сәттілік, бәрі жақсы болсын "деп шығарып саламын. Кейде қызғанып қаламын. Ол жұмыс істейтін жерде қаншама адам бар дегендей.
Негізі оны бақытты ету үшін үйленгенмін.Өзін бақытты, жақсы сезініп жатса несіне кедергі боламын. Ол негізі ақылды әйел. Қай жерде не істеу керектігін біледі. Сондықтан санасына берсін, өзіне сенемін.
Ал мен кейде балалармен қаламын. Бұрындары тамақ беріп үйде ойнатып отыратынмын. Қазір сыртқа серуендетіп, атқа мінгізіп қайтатын болдым",-дейді әнші.