Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Төреғали Төреәлі:10 бала туса да ата-анамның көңілінен шықпайтын әйелмен тұрмаймын

Төреғали Төреәлі:10 бала туса да  ата-анамның көңілінен шықпайтын әйелмен тұрмаймын
ашық дереккөз
Басы даудан арылмайтын танымал әнші келіншегіне қоятын негізгі талаптары туралы айтып берді.
Төреғали Төреәлі жақында ғана елге таныстырған келіншегі Толқынға қоятын талаптары туралы айтып біраз адамды қайран қалдырды. Әншінің сөзінше бірінші талабы әйелі қалай да ата-анасының көңілінен шығуы керек екен. "Мен бірінші орынға ата- анамды қоямын. Үйленер алдында болашақ жарымды таныстырып, үйдегілердің пікірін білдім.  Анам бірден ұнатып, "осы қызға үйленбесең балам демеймін" деді. Содан бірден үйленетін болып шештік. Он бала туса да ата-анамның көңілін таба алмайтын әйелмен тұра алмаймын. Оны Толқын да жақсы біледі. Барлығы келісілген түрде алдын ала сөйлесіп те алғанбыз",-дейді үш баланың әкесі. Ал көпшілік Толқын мен Төреғалидің анасы бір- біріне қатты ұқсайды деп жатады. Мысалы енесі мен келіні көпшіліктің алдына шығып, танылуды, жұлдыз болып жануды онша ұната бермейді. Тек отбасындағы өнер адамдарын қолдап, соларға жағдай жасауға тырысады екен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар