Басты жаңалықтар
Павлодарда ер адамды ұрып қабырғасын сындырған екі полицей сотталды
- автор kyn.kz
- 29 қазан, 2018
- 649
Қос полицей жәбірленушіге 1 млн көлемінде моральдық өтемақы төлеуі мүмкін.
Қылмыстық кодекстің қос бірдей бабы бойынша айыпталған капитан мен аға лейтенант алдағы 5 және 6 жылын абақтыда өткізуі тиіс.
Тергеу материалдарына қарағанда, оқиға шаһардағы аулалардың бірінде болған. Бұрынғы әйеліне алимент төлеуге келген ер адам кейін онымен сөзге келіп, кетіп қалады.
Бірақ оны сыртта адуынды полицейлер күтіп тұрыпты. Сөйтсе, оларды әйелі шақыртқан екен. Ер адамды соққының астына алған тәртіп сақшылары енді мұнда аяқ баспайтынын мәжбүрлеп айтқызып, ұялы телефонға жазып алыпты.
Миы шайқалып, қабырғалары сынған азаматтың өзі кейін қос полицейдің үстінен арыз түсірген. Ал қылмыстық кодекстің қос бабы бойынша айыпталған 40 және 44 жастағы тәртіп сақшылары түрме жазасымен қоса, жәбірленушіге 1 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндетті.
Келесі мақала
ШҚО тұрғыны үш баласымен жоғалып кетті
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




