Басты жаңалықтар
Қазақстанда бұдан былай балалар мектепке жаңа тәртіп бойынша қабылданады
- автор kyn.kz
- 30 қазан, 2018
- 243
Ата-аналар баланың қалауын, жеке қабілетін ескере отырып, білім беру ұйымын таңдайды.
Білім және ғылым министрінің бұйрығымен оқуға қабылдаудың ережелері бекітілді.
Жаңа тәртіп бойынша сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді. Бұл туралы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерінде жазылған.
Құжатқа сәйкес, сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді, ал оқушыларды қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Бұдан бөлек, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда не істеу қажеттігі анықталған. Мұндай жағдайда баланың ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша білім басқармасына жүгінеді.
Тағы бір атап өтерлігі, балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдары, гимназиялар мен лицейлерден басқа мектептерде бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар мен конкурстар жүргізілмейді.