Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Министр: Мұғалімдер ҰБТ-ға оқушыларды дайындауға міндетті емес

Министр: Мұғалімдер ҰБТ-ға оқушыларды дайындауға міндетті емес
ашық дереккөз
ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық мұғалімдердің оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауға міндетті емес екенін айтты. Еліміздің бас педагогының сөзінше, жоғары оқу орнына түсу үшін тестілеуді сәтті тапсыру оқушының өз қызығушылығында болуы тиіс, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап KYN.KZ. «Мұғалімдердің мұндай нақты міндеті жоқ және ешқашан болған емес. Бұрын мектептердің ҰБТ-ға байланысты көрсеткіші болатын. Және оны өмірлік емтиханға айналдырып жіберді. Мұғалімдердің мұндай міндеті жоқ. Олар балаларды ересек өмірге дайындап, қажетті білімді беріп, оқушының өздігінен оқуына және әрі қарай жоғары оқу орнына түсуіне мүмкіндік беруі тиіс. ҰБТ – тек емтихандардың бірі ғана», – дейді Сағадиев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар