Басты жаңалықтар
Алматы облысында әйел 2 жасар қыздың басындағы битті улаймын деп қызынан айырылды
- автор kyn.kz
- 31 қазан, 2018
- 359
Шетінеп кеткен баланың әпкесі де малдың кенесін өлтіретін дәріге уланып, ауруханада емделіп шыққан.
Алматы облысы Талғар ауданынының Туғанбай ауылында анасы 2 жасар қызының басындағы битті дәрілеймін деп қайғылы жағдайға топ болды, деп жазады Қазақпарат. Анасы екі қызының басындағы битті кетіру үшін «Неоцидол» қолданған. Оны суға ерітіп, қыздарының шашына жағады. Бұл дәрі кіші қызына қатты әсер етіп, жүрегін айнытады. Қызы құсып, әлсіреп, аузынан көбік аға бастайды. Анасы ауылдық емханаға апарған. Бірақ емханаға жеткенше қызы өліп кеткен.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2013 жылғы үлкен қызының жағдайы жақсарып келеді. Ол жансақтау бөлімінен шығарылды. Қазір ем қабылдау үстінде.
«Неоцидол» дәрісін әдетте малдағы кене, биттерді өлтіру үшін қолданылатыны айталыды.