Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Димаш Құдайберген Forbes журналындағы табыстылар тізіміне кірді

Димаш Құдайберген Forbes журналындағы табыстылар тізіміне кірді
ашық дереккөз
Қазақстандағы 30 жасқа дейінгі табысты жастардың қатарына мектепке енді барған Әмина Малғаждар кірген.
Қазақстандағы ең табысты жастар тізімін есімі әлемге әйгілі Димаш Құдайберген бастады. Танымал әншіден кейін  актриса әрі продюсер Анарбекова Құралай табысты жас атанды. Әрі бұл тізімде енді ғана екінші сыныпқа аяқ басқан "Аминка Витаминка" есімімен танылған Әмина Малғаждар бар. Димашты бүкіл еуропа мен Қытай халқы сүйіп тыңдап, концерттерге жиі шақыратын болса оның табысы елдің алдында соңғы үш жылда қарыштап өскен. Ал  Анарбекова Құралай  "Жаужүрек мың бала", "Бизнес по -казахски"," Брат или Брак" фильмдері арқылы қалтасын қалыңдатып алғанын жасырмайды. Аминка Витаминка үш жасынан бастап ютуб желісінде парақшасын ашып, түрлі вайндар түсірумен айналысады. Сол видеолардың арқасында  кино актрисасы атанып, елдегі ең танымал брендтердің жарнамасына түскен. Бұл туралы НТК арнасы жазды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар