Басты жаңалықтар
Ғаділбек: Әйелдер қыз ұзатып ақшаға қарық болып жүр, жігітті алып шығатын ән жаздырамын
- автор kyn.kz
- 2 қараша, 2018
- 296
Ғаділбектің әріптес әйелдердің табысына қызығып айтқан ұсынысын әнші жігіттер қолдап жатыр.
Танымал әнші Ғаділбек Жанай желідегі парақшасы арқылы өнердегі ер адамдарға қарата үндеу жасады. Әншінің әріптестерә әзіл - шыны аралас ұсынысты бірден қолдап кетті.
"Өнердегі әнші келіншектер қызды ұзатып, келінді таныстырып табыстың астында қалуда. Содан маған неге қыз бен жігітті бөліп жарамыз деген ой келді. Ер адамды да мақтап, оған да ақыл айтып жаңа жұртымен той ортасында таныстырып жатсақ несі артық? Ер адамдарды қыздардан бөлмеу керек.
Тең құқылы болғандары жөн. Сондықтан тойда жігітті әндете таныстыруды әдетке айналдырғанымыз дұрыс шығар. Негізі бұл ойыма әлі шындап кіріскен жоқпын. қазірге жай ұсыныс",-дейді Ғаділбек Жанай.
Ғаділбектің бұл ұсынысын өнердегі біраз жігіттер қолдайтындарын ашық айтып жатыр.
"Дұрыс, өте ұтымды ой. Әншілер тойдан күн көреміз. негізгі табыс көзі той. Сондықтан енді мен ғаділбектің идеясын ұрлап алсам ұят болар. Сондықтан Ғаділбек өзі бірінші жігітті таныстыратын әнмен тойға шықса деймін. Сәттілік",- дейді әнші Кентал.