Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақбота Керімбекова үшінші рет не себепті ажырасқанын айтты

Ақбота Керімбекова үшінші рет не себепті ажырасқанын айтты
ашық дереккөз
Әнші: Мен әлі де бақытты боламын, өз махаббатымды табамын
Әнші Ақбота Керімбекова үшіншірет ажырасқанын ойлап, мұңаюға да уақыты жоғын айтты. Ол енді бар күшін балаларының тәрбиесі мен шығармашылығына арнамақшы. “Алла Тағала адамға сынақ береді. Басыңа іс түспесе, ақ пен қараны ажырата алмасаң, сары мен жасыл деген дүниелер басыңнан өтпесе, әрі қарай ұмтылу қиын шығар. Осымен бақыттымен деп бір орында өмір сүріп жүретін адамдар бар. Алланың берген әрбір жарық күніне шүкір деп, тәубешілік етіп өмір сүріп, ұрпағым, ел-жұртымыз үшін қызмет ету – міндетім деп білемін. Сол себепті артқа қарап, жалтақтап, жылап-сықтауға уақытым жоқ. Тек алға. Барша халыққа айтарым, өмір осынысымен қызық қой. Бірде құлайсың, бірде жылайсың, бірде қуанасың. Ешкімге ренжімей, өкпелемей, анда-санда көздің жасын бір сығып алып, Аллаға шүкір деп әрі қарай өмір сүре берейік.Бұрындары сенбеуші едім, тіл-көз деген бар. Қанша мықтымын деп жүрген күннің өзінде жағымсыз сөздің өздері жүректі ауыртатын сәттер болады. Әрі қарай тек шығармашылықпен жұмыс істейміз.Бұл әлем махаббаттан тұрады. Жер бетінде махаббат, мейірімділік болмаса, біз күліп-ойнап жүрмес едік. Бұрынғыдай ғашық боламын деп айта алмаймын. Аузы күйген үрлеп ішеді деген, қанша үрлесек те күйіп қала береміз ғой. Дегенмен ұнату деген болады. Өнер адамының басынан өту керек. Өйткені ән шықпайды, сурет шықпайды. Бәрін жаман дей берсек, өмір сүру қызық болмайды. Алланың берген мейірімділігін әдемі қып сақтауға тырысайық”, – дейді Керімбекова Анна Данченкоға берген сұхбатында.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар