Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Андрей Аршавин: Қазақтар өте қу халық

Андрей Аршавин: Қазақтар өте қу  халық
ашық дереккөз
"Қайрат" командасында ойнаған ресейлік спортшы Қазақстанға Кеңестік кезеңдегідей қорқынышты күйде деген баға берді
Ютуб желісінде  Қазақстанның "Қайрат" футбол командасында өнер көрсетіп жүрген Андрей Аршавиннің ресейлік блогерге берген сұхбаты тарады. Онда спортшы қазақ халқы мен олардың өмір сүру деңгейі, ұлттық тағамы мен мәдениеттілігіне тоқталған. Спортшы Қазақстандағы футболшылардың талантты әрі еңбекқор екенін айтып өткен. Бірақ стадиондар мен спорт алаңдарының тіпті Астана мен Алматыдан басқа қалалардың барлығы Кеңестік кезеңдегідей қорқынышты күйде екенін айтып өткен. Андрей Аршавин қазақтың етін де ұнатпапты. Айтуынша майлы, денсаулыққа аса пайдалы емес. Бірақ өзі жылқы етін сүйсініп жегендіктен жиі сатып алып жүріпті. Ал ел тұрғындарын Аршавин қу халық деп атаған. Ол Қазақстанда қазақша білмеу еш қиындық тудырмайтынын да айтып өткен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар