Басты жаңалықтар
Мақпал Жүнісова: Туыстарым да өзім сияқты нанның екі жағына да май жағып жесе деймін
- автор kyn.kz
- 6 қараша, 2018
- 240
Әнші бақуатты тұратынын және оны қайдан табатынын айтты.
Мақпал Жүнісованы халық пен әріптестері жомарттығы жағынан жақсы таниды. Ол жаңа танысқан адамның қуанышының үстінен түссе де ақшасын аямай сыйлық жасап кететін әдеті бар. Қарапайым көрімдіктердің өзіне долларлап шашады. Әнші өзінің тойларға, концерттерге шығып алған ақшасын осылайша айналасындағыларға шашып жүретінін жасырмайды.
"Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында Жүнісова кезінде марқұм күйеуі талай бизнесті ашып беруге ұсыныс тастап, қолдау көрсетуге тырысқанын да айтады. Бірақ, өнер адамы тек ән салып жүргенді жақсы көреді екен.
"Менің қолымнан келмейді-ау. Жалпы кезінде сондай ұсыныстар болған. Марқұм күйеуім Зәкең бизнес я болмаса мейрамхана ашып берейін, деп айтқан. Сұлулық салонын да ашып бергісі келген.
Бірақ мен өзім көнген жоқпын. Жалпы мен ән айтқанды ғана жақсы көретін адаммын. Енді әркім өзінше ғой.Менің қолымнан да келмейді, ақша ұстауды да білмеймін. Маңдай теріммен ақша табамын, бірақ шашып жіберетін әдетім бар. Ол дұрыс емес деп айтып жатады маған.
Шешем де, туған-туыстарым да. Ақша жина, дейді. Алла Тағала маған жинатқызбай жатыр. Қазірше солай. Мен сол жан-жағымдағы адамдар, туысқандарым өзім сияқты жақсы өмір сүрсе екен деймін. Мен сияқты олар да нанның екі жағына май жағып жесе екен деймін",-деп түйіндеді өз сөзін әнші мақпал Жүнісова.