Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ермек Тұрсыновтың фильмінде басты рөлді сомдаған балақайға шұғыл көмек қажет

Ермек Тұрсыновтың фильмінде басты рөлді сомдаған балақайға шұғыл көмек қажет
ашық дереккөз
"Кенже" фильмінде басты рөлді сомдаған 11 жасар бала қатерлі ісікке шалдыққан.

Ермек Тұрсыновтың "Кенже" фильмінде басты рөлді сомдаған кішкентай дарын иесі Айбек Жебегенге шұғыл көмек қажет деп хабарлайды КТК арнасы.

Оңтүстік Кореяда емделіп жатқан балаға қаржылай көмек қажет болып отыр.

Оның Оңтүстік Кореяда өмірі үшін күресіп жатқанына жарты жыл болған. Емдік шаралар әлі де жалғасуы тиіс, алайда баланың ата-анасы қаржы таппай отыр.

Үлкен экранда өз рөлін шынайы ойнап шыққан кішкентай дарын иесі қатерлі ісікке шалдыққанын биылғы жылдың сәуір айында анықтаған. Алғашында жергілікті дәрігерлер оны асқазан ауруынан емдеген екен, содан бала денсаулығы қатты нашарлап кеткен.

Өлім мен өмір арасында жатқан баланы туғандары Кореяға апарған. Кореялық дәрігерлер оған қатерлі ісік диагнозын қойған. Содан бері Айбек Кореяда ем қабылдап жатыр.

Кішкентай актердің химиялық ем-домды қабылдап жатқанына 27 апта болған.

"Сіздердің арқаларыңызда емделіп жатырмыз. Көп түкірсе көл болады демекші, көмек қолын созғандардың көп көмегі тиді. Әлі де ем алып жатырмыз", - деді Айбектің анасы Венера Оңалбаева.

Анасы Айбектің қасынан бір қадам да аттамайды. Барынша ұлын қолдап, оның көңілін аулауға тырысып жүр. Ұлының еміне әлі де 50 мың доллар қажет. Мұндай қаржыны таба алмаған ата-ана қайырымды жандардан көмек сұрап отыр.

Олар Айбектің бұл дертті жеңіп, сауығып кететініне үмітпен қарап отыр.

"Kaspi Bank" АҚ, KZ65722R000024086441

БИК: CASPKZKA БИН: 971240001315

Оналбаева Венера Наркузыевна, ЖСН 770214402431

Qiwi әмиян: +7 707 720 71 60

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар