Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Гүлназ Жоланова өзінен жасы үлкен азаматқа тұрмысқа шықты дегендерге өзі жауап берді

Гүлназ Жоланова өзінен жасы үлкен азаматқа тұрмысқа шықты дегендерге өзі жауап берді
ашық дереккөз
Әнші: Мен біреудің отбасына орта жолдан қосылып, бірінші әйелімен ажырастырғандарды сынай алмаймын.
Баян Есентаеваның тағы бір жобасы Гүлназ Жоланова өзінен жасы үлкен азаматқа тұрмысқа шығып алды дегендерге жауап берді. Бұл туралы актриса Астана арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасында айтты. "Мен негізі тоқал болуды мүлде түсінбеймін. Өзім ондайға мүлде бармас едім. Бір жағынан өмір бумеранг дегенге қатты сенемін. Тіпті  тоқал болған әріптестерімді сынайтын, оларға бір ақыл айтатыгн жағдайда емеспін. кім біледі алдымда не күтіп тұр. Өзім алған тәрбиемді ұстанғаныммен, қыздарым, немерелерім қандай болады? Сондықтан мен ешкімді сынауға құқылымын деп ойламаймын. Қорқамын. Ал мені жасы үлкен азаматқа тұрмысқа шықты деп жатыр екен. Бірақ ол жалған. Менің өмірімде қазірге ешқандай жаңалық жоқ. Қуанышты хабар болып жатса халықпен бөлісуге әзірмін. Жақында тұрмысқа шығу ойымда, жоспарымда да жоқ",- деді батыстық сұлу Гүлназ Жоланова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар