Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жеңіс Ысқақова танымал тоқалдар жайлы: Біреуді жылатып,өзі бақытты бола алмайды

Жеңіс Ысқақова танымал тоқалдар жайлы: Біреуді жылатып,өзі бақытты бола алмайды
ашық дереккөз
Әнші: Қалайда бақытты болам деп әр қыз қолынан келгенді істейберсе не болады?
Әнші Жеңіс Ысқақова Жұлдыз Өмірғали мен Ақбота  Сейтмағамбет сияқты отбасылы адамның етегінен ұстаған өнердегі қыздарға ренжулі. Оның сөзінше қарапайым халыққа  олар жеке өмірі арқылы анайы әрекеттерді жарнамалау үстінде. Бұл туралы әнші "Ел аузында" бағдарламасында айтты. "Мен ондайды түсінбеймін. Ұят дүние ғой. Соңғы кездері ол халық арасында түсінуге тұрарлық дүниеге айналып баражатыр. Айтады ғой "Біреудің көз жасына қала отырып, өзің бақытты бола алмайсың" дейді. Сол сияқты мен бұндай әдепсіздіктерді қабылдай алмаймын. Мен де бақытты болуым керек деп әр адам ұяттан безіп, қолынан келгенді істейберсе не боламыз? Ондай нәрсе миыма симайды. Келіншегі бар адамға қалай қарауға болады?",-  дейді әнші Жеңіс Ысқақова. Әншінің осы сөзін актриса Гүлназ Жоланова да қолдады. "Мен өмірдегі бумеранг заңына сенемін. Сондықтан қыздарға мұндай іске бармаңыздар деп айтар едім",-дейді Гүлназ Жоланова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар