Басты жаңалықтар
Ақтөбелік мұғалім қала тұрғынын өлім аузынан арашалап қалды
- автор kyn.kz
- 12 қараша, 2018
- 745
Химия пәнінің мұғалімі эпилепсия ауруы ұстап талып қалған азаматқа алғашқы көмекті дер кезінде әрі дұрыс көрсете білген.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Дастан Назаров қоғамдық көлікте жолаушыны ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты Aktobenews.kz -ке сілтеме жасай отырып.
Автобуста жолаушылардың бірі эпилепсия ауруы ұстап талып қалады. Сол сәтте Дастан алғашқы көмек көрсеткен. Жедел жәрдемді де шақырып, науқастың жақындарын да хабардар еткен. Дәрігерлер болса науқас ер адамға алғашқы көмек дер кезінде әрі дұрыс көрсетілгенін жеткізді.
«Осыған дейін де эпилепсия сырқатына шалдыққан адамға көмектескенім бар еді. Білгенімді қолданып, адам өмірін сақтап қалғаныма қуаныштымын, — дейді ұстаз.Оқу орнында жоспарлы түрде алғашқы медициналық көмек көрсетуге қатысты семинарлар, шеберлік сағаттары тұрақты өтіп тұратынын айтқан Дастан Назаров Назарбаев Зияткерлік мектебінде химия пәнінен сабақ береді.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




