Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Оралда туберкулездің ашық түрімен ауыратын ұстаз сабақ беріп келген

Оралда туберкулездің ашық түрімен ауыратын ұстаз сабақ беріп келген
ашық дереккөз
Енді мұғалім сабақ өткен 180 оқушы медициналық тексеруден өтіп жатыр.
Оралда дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалімнің өкпе дертінің ашық түрімен ауыратыны анықталды, деп жазды КТК арнасы. Оның нәтижесі әлі шыға қоймаса да, мектеп басшылығы балаларға ешқандай қауіптің төніп тұрмағандығын айтып отыр. "Мектептің барлық қызметкерлері жазда профилактикалық тексерістен түгелдей өтті. Барлығына да жұмыс істеуге рұқсат етілген. Қазіргі кезде мектепке түгелдей тазалық жұмыстары жүргізілді, дезинфекция жасалды. Оқу процесіне де кедергі келіп жатқан жоқ",-дейді мектеп директоры Ғибрат Орынғалиев. Шынымен де, Кох таяқшасын жұқтырып алған оқытушы өзгелермен бірге жазда медициналық тексерістен өткен екен. Ол кезде дәрігерлер оның денсаулығынан ешқандай кінәрат таппаған. Ұстаз тек бірінші тоқсанның аяғында кенеттен өзін жайсыз сезініп, 2-ші қараша күні еңбекке жарамсыздық парағын ашыпты. Содан бері мектепте төбе көрсетпеген ұстаз, қазір тиісті ем-домын алып жатыр. Ал, мамандар, қауіпті таяқшаның кез-келген адам ағзасында болатындығын, тек әлсіреп, созылмалы аурулар асқынғанда бас көтеретіндігін айтып отыр. "Мұғалімнің эпидемиологиялық жағдайына тексеріс жүргізілгенде оның үй жағдайы қанағаттанарлық  жағдайда. 2011 жылды  ол пневмониямен ауырып, может соның емі дұрыс жүргізілмегендіктен болар", -дейді БҚО қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің бас маманы Гүлмира Кажушева.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар