Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Семейде таксиші 1,5 млн теңгесін ұмытып кеткен жолаушыны полиция арқылы іздеп тауып, ақшасын қайтарды

Семейде таксиші 1,5 млн теңгесін ұмытып кеткен жолаушыны полиция арқылы іздеп тауып, ақшасын қайтарды
ашық дереккөз
Қала тұрғыны ақшасын ұмытып кеткенімен қоймай қандай көлікке отырғаны да есінде қалмағанын айтқан.
Семей полициясына 12 қарашада 42 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 1,5 миллион теңгесі бар пакетін жоғалтып алғанын айтқан. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таксишінің жолаушы ұмыт қалдырған үлкен көлемдегі қаржыны қайтарып бергенін хабарлайды. "Жәбірленушінің сөзінше ол "ВАЗ-2107" автокөлігінің салонында пакетін қалдырып кеткен. Әуезов даңғылы бойына өзін жеткізіп тастаған автокөліктің түсін де, мемлекеттік тіркеу нөмірін де ер адам жаттап қалмаған", – делінген хабарламада. Бірақ таксишы полиция арқылы ақшасын жоғалтқан жолаушысын өзі іздеп тауыпты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар