Басты жаңалықтар
Футболшылар ойыннан кейін төрешіні ұрып, жағы мен бет сүйегін, мұрнын сындырды
- автор kyn.kz
- 13 қараша, 2018
- 223
Олар ойын кезінде әділетсіздік жасады деген төрешіні осылайша жазаламақшы болған.
Ирландиялық "Маллингар Таун" клубының үш футболшысы мен жанкүйерлері Мемлекеттің Одақтас республикалар лигасында "Хорслип" командасымен өткен ойыннан кейін төреші Дэниел Свиниді ұрып жықты, деп жазды КТК арнасы.
"Біздің төрешіге шабуыл жасағаны туралы естіп, есеңгіреп қалдық. Оның жағы екі жерден сынған, көз астындағы сүйегі сынған, мұрны бұзылған", - деді ирландиялық төрешілер одақтастығының президенті Пол О'Брайен.
"Маллингаре" өкілдер осы оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Команда "Хорслип" футболшыларын 3:1 есебімен жеңді.
Одақтас Ирландия республикасының біріккен лигасы - әуесқойлар чемпионаты, елдегі футбол иерархиясының 7-12 футбол деңгейінде өнер көрсетеді.
2017 жылы желтоқсанда аргентиналық фанаттар алаңға баса көктеп кіріп, төрешіні ұрып соққан еді. Жанкүйерлер арбитрдың шешіміне наразы болған.
Келесі мақала