Басты жаңалықтар
Алматылық келіншек 8 жыл бұрын балалар үйіне тастаған қызын іздеп жатыр
- автор kyn.kz
- 14 маусым, 2018
- 297
Әйел ойнап жүріп от басқанын мойындап, қатесін түзету үшін бәріне дайын екенін айтып отыр.
Алматылық келіншек осындан сегіз жыл бұрын некесіз бала туып, оны жетімдер үйіне тастап кетуге мәжбүр болған. Бүгінде сол қызды іздеу үстінде жүр деп хабарлайды KYN.KZ. Келіншек жиырма бес жасында от басып, күйеуге шықпай тұрып жүкті болып қалған. Жас қызды кездесіп жүрген жігіті алдап, кейіннен тастап кеткен. Айтуынша оған тіпті аяғының ауыр екенін де айтып үлгермеген. Нәтижесінде баланы дүниеге әкелген соң анасының мәжбүрлеуімен оны балалар үйіне өткізген.
Бүгінде тұрмыс құрып, үш баланың анасы атанып отыр. Келіншек арада сегіз жыл өткен соң тұңғыш қызын іздеуде.
«Сол кезде тастап кеткен қызымды әлі күнге дейін сағынамын. Ол туралы күйеуіме айтуға қорқамын. Білсе үш баламмен бірге тастап кетеді ме деп қорқамын. Бірақ қызымды тауып алғым келеді», - деп жазды.
Сөз соңында келіншек желі оқырмандарынан балалар үйіне өткізіп кеткен сегіз жасар қызын тауып алудың жолдарын сұрады.