Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Амалбек Тшанов: Президент қоңырау шалып, әкімді не үшін ұрғанымды сұрады

Амалбек Тшанов: Президент қоңырау шалып, әкімді не үшін ұрғанымды сұрады
ашық дереккөз
Экс- министр: "Мен жай ұрмаймын, боксшымын өлтіріп ұрамын" деп жауап бердім
Аты аңызға айналған экс-министр, белгілі саясаткер бүгінде өз саласы бойынша колледж басқарып отырған Амалбек Тшанов 31 арнаның тікелей эфиріне келіп бүгінде немен айналысып жүргені жайлы, қызметі туралы әңгімелеп берді. Саясаткер белгілі қызметте отырған кезде шенеуніктердің атағы мен қызметіне, танысы мен мансабына қарамай мәселенің мәйегін жарып, шешу жолдарын қарастырған кезде  әкімдерге қол көтеріп көпшілікті қайран қалдырғаны да бар. Тіпті президенттің өзі хабарласып, осы мәселе туралы сөйлескен екен. "Көмекшісі хабарласып Нұрсұлтан Әбішұлының менімен сөйлескісі келетінін айтты. Мен тұтқаны алып, алдымен жағдай сұрастық. Содан кейін президент "Амалбек, сен тағы бір әкімді ұрыпсың ғой?" деп сұрады. Маған да жауап беруге тура келді. "Нұрсұлтан Әбішұлы, мен кімді ұрғанымды өзім де білмеймін. Бірақ мен боксшымын, жай ұрмаймын, өлтіріп ұрамын" дедім. Сонымен ол кісі тұтқаны қойды, әңгіме аяқталды. саясатта тыныш жүріп мәселенің бетін сипап жүрсең атың шықпайды, жақсы болып көрінесің. Мәселе қаза бастасаң, түрлі сөз ереді",-деп жауап берді спорт колледжінің директоры. Амалбек Тшанов бүгінде өзі айналысып жатқан жұмысының жүрегіне жақын екенін де жасырмады. Мемлекеттік қызметтен түсіп қалған кезінде жанында жақындарынан басқа ешкім қалмағанын да тілге тиек етті. Әрі халқымыздың жағымпаздық мінезіне қайран қалып, кемшілігін барымен қабылдауға үйренгенін түсіндірді.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар