Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ғалымдар адамның жүру жылдамдығына қарап қайтыс болатын мерзімін анықтауға болатынын айтты

Ғалымдар адамның жүру жылдамдығына қарап қайтыс болатын мерзімін анықтауға болатынын айтты
ашық дереккөз
Жылдам жүру әрдайым адам денсаулығына пайдалы емес екен
Адамның жүрісіне қарап қайтыс болатын мерзімін анықтау бойынша зерттеуді Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары жүргізген. Мамандар адамның жүру жылдамдығы қаншалықты тез болса, соншалықты ажалы жақын дейді. Адам жылдам жүрген сайын жүрегінде ақау пайда барын білдіреді екен. Кардиохирургтер өздері ота жасаған науқастардың жүрісіне қарап, олардың бойындағы дерттің деңгейін анықтаған. Жас адамның жылдам жүріп, шапшаң қимылдауы заңдылық. ал орта жастан асқан адамның жылдамдығы сол күйінде сақталса ол өзінің жүрегіне ауыртпалық салып жатыр деген сөз екен. Тіпті спортпен айналысқан кезде де орта жастан асқан адамдар жылдамдық пен шапшаңдықтан көрі жай әрі ұзақ шыныққаны дұрыс екен. Ал өмірдегі қимыл-қозғалыс спорттың бір түрі деген ғалымдар орта жастан асқан адамдарға жасына сай қозғалуға кеңес берді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар