Басты жаңалықтар
Қазір сөйлей аламын:Адам танымастай күйге түскен әнші Әдемі жұртты шошытты (фото)
- автор kyn.kz
- 15 қараша, 2018
- 240
Әнші: Жақ сүйегім орнына түсті,Аллаға шүкір қазір анық сөйлей аламын.
Кезінде баян Мақсатқызының жобасы болып "Әдемі" есімімен халыққа танылған әнші қазір өзін Диная деп атап жүр.
Бір айға жуық желідегі парақшасына кірмей кеткен әншінің басына қиын іс түсіп, денсаулығына аса ауыр қастандық жасалған сияқты. Себебі, әншінің соңғы қойған суреті қарапайым халық тұрмақ, әріптестерін шошытты.
" Қымбатты туыстарым мен достарым. Бір ай бойы ел назарынан тасада болдым. Ешкім ештеңе білмесе екен деп едім.
Бірақ мына суретім желіні шарлап кетіпті. Әр адам осы суретіме қатысты түрлі пікір жазып жатыр екен. Өз аузыммен айтайын деп шештім. Маған қазір қолдау көрсетіп жатқандарға алғысым шексіз. Қазір жақ сүйектерім орнына келіп, еркін сөйлей алатын жағдайға жеттім.
Әрине маған ауыр болды. Бұл тек сыртқы келбетім, санамдағы жарақатта уақытымен жазылып келеді. бірақ маған "не болды, бұл жараны кім салды?" деген сұрақ қоймаңыздаршы. Жалғыз өтінішім осы. Мен сахнаға қайта ораламын. Бір айлық ем алдым. Күш жинадым. Енді шығармашылықпен айналысуға дайынмын",- деп жазды әнші.
Әдемі бұған дейін тұрмысқа шығып бір баланың анасы атанған еді. Соңғы кездері сазгер Ринат Гайсинмен көңіл қосты деп халық жиі пікір білдіретін. Бірақ, қос жұлдыз да жеке парақшаларында бір- біріне ыстық ықыластарын білдіргенімен халық сұрағына нақты жауап берген емес.