Басты жаңалықтар
Қостанайда 35 шөбере, 4 шөпшегі бар әжей 110 жасқа толды
- автор kyn.kz
- 16 қараша, 2018
- 243
Нағима Жақыпқызы қазірге дейін өлең шығарып, күнделік жазады екен.
Қостанайда Нағима Жақыпқызы балалары мен шөбере, шөпшектерінің ортасында өзінің 110 жасқа толған мерейтойын атап өтті, деп жазды Алау басылымы.
Нағиа Жақыпқызы 1908 жылдың 10 қарашасында Меңдіқара ауданы, Қарағай ауылында туған. Мектепті бітіргеннен кейін сол ауылда сауыншы болып жұмыс істеген.
Соғыс жылдарында жолдасы елді қорғау үшін майданға аттанғанда өзі тылда яғни егіс алқабында жұмыс істеген. Сол еңбегі үшін Мәскеуге жолдама алды. Жеңіс күніне арнайы алған марапаты мен мақтау қағаздары да бар.
“Анам әңгімені жақсы айтады. Жолдасы жайлы әдемі естеліктер жазып жүрді. Шежіре жайлы, туыстары жайлы жазып, өлең шығаратын өнері д бар. Өзі ән айтатын. Оның “Елге сәлем” өлеңіне жерлесі Қажығали Омаров ән жазған. Ол колледждің бұрынғы музыканты”, – дейді қызы Зәуре.
Бүгінде Нағима әжейдің 20 немересі, 35 шөбересі, 4 шөпшегі бар.