Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дубайда секс-құлдықта болған 18 жастағы Ақбота көрген азабы жайлы айтып берді

Дубайда секс-құлдықта болған 18 жастағы Ақбота көрген азабы жайлы айтып берді
ашық дереккөз
Бойжеткен қыздарға шетелде оңай олжа бар дейтіндерге сенбеу керектігін түсіндіргісі келеді
Қазақстан азаматы Ақбота есімді 18 жастағы бойжеткен БАӘ барып отбасындағы қаржы тапшылығын біржола шешемін деп ойлап, оңбай адасқанын айтты деп хабарлайды  KYN.KZ сайты"НеМолчи.kz" қозғалысының желідегі парақшасына сілтеме жасай отырып. Ел танып қоймасын деген мақсатпен кейіпкердің есімі ақбота деп өзгертілген. Ақбота кішкентай күнінде әкесі мен шешесі ажырасып кеткен. Туған анасы жақтырмаған қыз бала күнінен ата-әжесінің тәрбиесінде болады. Ақбота 16-ға толған кезде ол өміріндегі ең жақын адамы атасынан айырылады. міне осыдан кейін туған шешесінің тәрбиесіне қайтып келеді. Бірақ оны өз анасы әкесіне тартқаны үшін еш қабылдай алмаған. Жылы сөз айтып,өзіне жақын тартпақ түгілі үнемі кемсітіп, әкесіне тартқан жерлерін мін етіп тағумен болған. Анасымен ұрысып қалған күні Ақбота құрбысының үйіне түнеп алғаш рет ер адамның зорлауына тап болады. Анасымен тағы ұрысып пәтер жалдап тұрып жүрген кезде ол даяшы болып ақша тауыпты. Кейіннен өз үйін паналатқан жанашыр болып жүрген келіншек оны БАӘ барып, байып кетуге көндіреді. Міне осы сөзге сенген қыз өмір бойы есінен шықпастай психологиялық соққы алды. БАӘ Ақбота өзі танымайтын қыздармен бірге барған. Қазақстаннан ұшып Дубайдағы қонақүйге түсіп, құжаттарын бейтаныс адам тартып алған кезде ғана оңай олжаның не екенін түсінген. Жеті ай бойы терезесі жоқ қойма сияқты бөлмеде таяқталып, интимді қызметке жегілген. Соңында аяғы ауыр болып қалған қыз жыныстық жолмен берілетін ауыр дертке шалдығады. Өз еліне ғажайыптың арқасында қашып келген Ақбота бүгінде жезөкшеліп жасап жүріп тапқан баласын босанып алған. Ендігі жоспары сол баланы аман-есен өсіру. Бірақ ол қазірген өзге ер адаммен бақытты боламын дегенге сенбейді. Тіпті бейтаныс жігіттерді көрсе қорқаберетінін де жасырмайды.    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар