Басты жаңалықтар
Айдарбекова немересінің тойында алтын мен бриллиант шашып жұртты таң қалдырды (фото,видео)
- автор kyn.kz
- 19 қараша, 2018
- 413
Продюсер кіші немересін қырқынан шығару тойына жай келген қонақтардың өзіне бір-бірден алтын сақина үлестірді.
Танымал әнші Қайрат Нұртастың інісі былтыр сүйіктісімен қосылып Айдарбековтер үлкен той берген еді. Енді сол жастар алғаш рет ата-ана атанып әулеттің қуанышын еселей түсті.
Бүгінде әнші Қайраттың өзі де отбасымен бірнеше бизнестің басын ұстап, дөңгелетіп отырғандарын жасырмайтын болған. Ал Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира ханым сол бойлықтың бір бөлігін немересінің тойында шашып, біраз келіншекті өзіне қызықтырып қойды.
Жұлдызды әулеттің үйінде болған бесік тойға құдалары мен жекжаттары, алыс- жақын туыстары мен достары жиналған. Гүлзира ханым әр туысына кигізген қымбат бұйымы мен таққан әшекейінің арзан тұрмайтыннын әрі барлығы да таза алтын екенін қайта қайта айтады.
"Мен Айгерімімнің анасына өткенде құндыз кигіздім. Барлығын да жөнімен сыйладым. Бұл жолы мына бір алтын жалатылған емес, таза алтыннан жасалған белгілі бренд өнімін тарту еткім келіп тұр. Бұл кісі болмаса Айгерімім болмас еді",-деп Гүлзира ханым жаңа құдағиына сыйлығын тапсырды. Ал жұлдызы жанып кележатқан келіні Қайраттың жарынада үлкен мама атанғаны үшін аса бағалы қолға тағатын әшекей бұйым сыйлады.
"Мынау жай алтын емес. Көріп тұрған шығарсың арасындағы тастың барлығы бриллиант. Көріп тұрсың ғой қандай бренд екенін",-деді Қайраттың анасы. Міне осы сөздерден кейін көпшілік Айдарбекованы мақтаншақ деп жақтырмай қалған пікірлерін ашық жазыпты. Ал кей оқырмандары продюсер бай болса, өзі еңбектеніп тапты, қанша мақтанса да жарасады деген пікірде.