Басты жаңалықтар
Бірінші рет әлемдік жарыста парадзюдодан қазақстандық спортшы бас жүлдені алды
- автор kyn.kz
- 19 қараша, 2018
- 263

Португалияның Одивелаш қаласында парадзюдодан Әлем чемпионаты өтті. Спорт сайысында Қазақстан тарихында алғаш рет болып спортшы Олжас Оразалыұлы қарсыласын жеңіп, алтынды олжалаған.
Бұл туралы KYN.KZ сайты хабарлайды.
60 келі салмақ дәрежесінде белдескен Олжас Оразалыұлы 18 жасында әлем чемпионы атанды. Байрақты бәсекеде спортшы испаниялық Боржа Пахиссаны иппонмен, екінші кездесуінде жапон балуаны Такааки Хирайды, ширек финалда алжирлік Моулоуд Ноураны таза жеңді.
Ал жартылай финалда әзірбайжандық Орхан Гараевтан басым түсіп, финалда Алжир спортшысы Ишак Оулдкоуидерді ұтып, ел қоржынына алтын медальді салды.
Келесі мақала
Назарбаев: Қазақстан халқы полицияға сенбейді
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025