Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Данэлия Төлешова Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті

Данэлия Төлешова Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті
ашық дереккөз
Лукашенко Данэлияға сәттілік тіледі.
Беларусь президенті Александр Лукашенко Тәуелсіздік сарайында «Junior Eurovision-2018» ән байқауының қатысушыларымен кездесті Айта кетсек, қазақстандық жас әнші Junior Eurovision-2018 ән байқауында еліміздің намысын қорғау үшін жақында Минскіге жеткен болатын. «Сіздер қазірдің өзінде жеңімпазсыңдар», - деген Беларусь президенті осынау ірі халықаралық байқауда өз елдерінің намысын қорғауға келген жас таланттарға сәттілік тіледі. «Мұнда тек ең мықты әнші жеңіске жетеді», - деді Александр Лукашенко. Мемлекет басшысы байқаудың қатысушылармен қызу әңгіме өрбітіп, кездесудің өзі хаттама аясына тыс сипатқа ұласып кетті. Кездесуге сонымен бірге, өткен жылғы байқаудың жеңімпаздары Ксения Ситник, Ольга Сацюк пен Лидия Заблоцкая келген. Байқаудың қатысушылар Александр Лукашенкоға «балалар Еуровидениесі» әнінің «LightUp!» үзіндісін орындап берді. Кездесу соңында балалар Белорусь көшбасшысымен бірге фотосуретке түсті.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар